Ғалымдардың бағдары Шығыс Қазақстанның әдемі ландшафтары, бірегей биік таулы Марқакөл қорығы, Зайсан қазаншұңқырының даласы мен шөлейттері арқылы, Алтайдың оңтүстіктегі тау бөктері арасымен Қара Ертістің жағалауына қарай өтеді.
Бұл қазақстандық-ресейлік ғалымдардың Зайсанға жасаған екінші бірлескен экспедициясы болып табылады. Оның мақсаты - ұсақ сүтқоректілердің биоалуантүрлілігін, олардың эпидемиологиялық және эпизоотикалық рөлдерін зерттеу, ПМПИ табиғат мұражайының экспонаттар топтамасын толықтыру үшін дала материалын жинау.
Танымал ғалымдар, биология ғылымдарының докторларымен қатар экспедициялық топ құрамында екінші курс студенттері Гүлжан Оразбаева мен Жасұлан Жұмашев жұмыс істеуде. Олардың дала жағдайларында зерттеу тәжірибесі бар.