Тілсіз жаумен арпалыс төрт сағатқа созылды, деп атап өтті ол.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 600 метр қашықтықтан гидранттар арқылы су тоқтаусыз берілді. Өйткені аса қызу температураның салдарынан өрт сөндіретін машиналарды 25-30 метдей жердегі гидранттарға қосу мүмкін болмаған.
«Аса күшті жалынның пенопропилен өнімдерін шығаратын цехқа көшу қаупі туындады. Сондықтан 20 сағат 07 минутта көбікті оқпандарды пайдалануға шешім қабылданды»,- деп атап өтті ол.
Оның сөзіне қарағанда, бұл әрекет жалын шарпыған аумақтың кеңейіп, көрші нысандарға таралуына мүмкіндік бермеген. 20.35-те өрттің беті қайтты", - деп атап өтті Руслан Иманқұлов.
Абырой болғанда, 20:35-те өрттің алды алынды.
«Нақтыланған деректерге қарағанда, жалын шарпыған аумақ шамамен 150 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккен үш адам 1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Өрттің себеп-салдары анықталатын болады. Өрттің 20:35-те беті қайтарылып, 23:08-де толықтай сөндірілді.
ТЖД «Өрт сөндіретін және апаттық-құтқару жұмыстары» МБ жеке құрамының 350 адамы мен 12 техникасы, «Өрт сөндіруші АҚ-ның 8 адамы мен 2 техникасы, Газдан құтқару қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы, Медициналық апат орталығының 1 техникасы, «103» қызметінің жеке құрамының 12 адамы мен 4 техникасы, Павлодар облысы ТЖД шұғыл-құтқару отрядының 4 адамы мен 1 техникасы, Павлодар қ. ІІБ 8 адамы мен 4 техникасы өртті ауыздықтауға жұмылдырылды.