Әлеуметтік желіде адамдардың Коряковка көлін құрғатып, түбіндегі тұзды қапқа салып әкетіп жатқаны жазылған еді.
«Қазір Экология комитеті, Павлодар облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, экологтар және қоғам белсенділерінің қатысуымен комиссия құрылып жатыр. Олар Коряковка көліне тексеру жүргізеді. Бұл - Қазақстандағы екінші қызғылт түсті сирек көл. Комиссия жұмысының нәтижесі ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында және БАҚ-та жарияланады», - деп жазды министр өзінің Instagram желісінде.
Аталған топ бүкіл ұйымдастыру жұмыстары аяқталған соң сейсенбі күні жолға шықпақ.