Павлодардағы қоғамдық көліктерде жүргізушілер жетіспей жатыр

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда қоғамдық көліктерде адамдарды шамадан тыс тасымалдау мәселесі өзекті болып отыр. Облыс орталығында 7 автомобиль тасымалдаушысы мен «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде павлодарлықтар оқу жылының басталуымен қоғамдық көліктердің шамадан тыс толып кетуі мәселесін көтерген болатын. Қаладағы қоғамдық көліктерге жұмысқа баратын жолаушылардан бөлек, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, сондай-ақ мектеп оқушылары қосылды. Көбіне қала тұрғындары такси қызметін пайдалануға мәжбүр.
Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі өткен жылы пандемия кезінде жолаушылар ағынының төмендеуіне және қоғамдық көлік жұмыс істемеген кезеңге байланысты көптеген жүргізушілер жұмыс орнын ауыстырғанын хабарлады.
- Қазіргі уақытта Павлодарда үлкен сыйымдылықтағы 1-класты автобустарда ғана емес, шағын класты – шағын автобустарда да жүргізуші құрамының жетіспеушілігі бар, - деп түсіндірді қала әкімшілігі. - Жүргізушілердің жетіспеушілігіне байланысты қозғалыс аралығының ұлғаюы байқалады. Бұл қала тұрғындарының шағымдарын тудырғаны рас. Қазір жүргізушілерді қабылдау үшін жекелеген маршруттарды әлеуметтік маңызды деп тану және кейіннен оларды субсидиялау жоспарлануда. Мұнда жаңа тұрақты жұмыс орындары пайда болып, жүргізушілер мен кондукторлар тұрақты еңбекақысы бар штатқа ауыстырылады. Бұл автобустардың қарбалас сәттегі қозғалыс аралығын азайтып, кәсіпорындарға автопаркті жаңартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, әкімдік облыс орталығында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдаудың маршруттық желісі 32 автобус маршрутын, оның ішінде 12 маршрутты – шағын класты маршрутты қамтиды деп толықтырды. Мұнда - А/ - №№ 003, 3, 7, 14, 55, 111, 115, 126, 151, 152, 153, 157.
Оның ішінде төрт маусымдық № 6, 17, 31, 42, мұнда шамамен 134 үлкен класты автобус (резервімен – 165), 279 кіші А класты автобус (резервімен – 319) жұмыс істейді.
«Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ балансында 111 жолаушылар вагоны бар. Оның ішінде күн сайын желіге 68 электр көлігі жолға шығады.