Павлодардағы колонияда киіз үй жасала бастады
«Еңбек Павлодар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бөлімшесінің директоры Нұрлыбек Сердалин атап өткендей, 2017 жылы компания құрылыс материалдары, ПВХ, металл және ағаш өңдеу, тігін бұйымдары, киіз үйлер мен осыған ұқсас заттарды өндіретін шағын және орта бизнес өкілдерімен қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасады.
Тағы бір жаңалық - негізгі өндіріс базасы ауылда орналасқан АП-162/2 колониясынан «Павлодар Юрта» ЖК өндірісінің ашылуы.
«Жігіттердің жұмысына ризамын, - деп атап өтті В. Гайдучок. Бұдан бұрын сотталушылардың бірі жазасын өтеп шыққаннан кейін менің Кенжекөл ауылында орналасқан негізгі өндірісімде жұмыс істеді. Бір айдың ішінде төрт киіз үй жасап шығара аламыз. Тәжірибеміз бар, киіз үйлерді электролиз және алюминий зауыттары үшін жасап шығардық. Киізді әзірге сатып алып жатырмыз, қажетті құралдар бар, бірақ оның технологиясын әзірге меңгермедік. Цех тапсырыс берушінің талғамына қарай кез келген көлемдегі киіз үйді жасалады, тіпті қажет болса жылытатын еденін де дайындайды. Оның құны көлеміне байланысты. Мысалы, алты қанатты киіз үй 700 мың теңгеден басталады. Тапсырыс арқылы цехта жұмыс істейтін сотталушылар санын арттыруға мүмкіндік бар», - деді комиссия мүшелеріне кәсіпкер.
ККР төрағасы, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев кәсіпкерге киіз үйді саудалау жағынан көмектесуге уәде етті.