Павлодардағы партиялықтар «Нұр Отан» ХДП ПБК-ның төрағасымен бірге бақылау міндеттерін талқылады

None
ПАВЛОДАР. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында өткен кеңейтілген жиын барысында партия белсенділері «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы партиялық бақылау комиссиясының ҚР Президентінің халыққа Жолдауы тұрғысынан

жемқорлықпен күрес бойынша қоғамдық кеңестердің жұмысын ұйымдастыруды талқылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

3 сәуір күні болған жиналысқа «Нұр Отан» ХДП партиялық комитетінің төрағасы Боран Рахымбеков пен Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын қатысты.

Б.Рахымбеков павлодарлық әріптестеріне партиялық бекеттердің жұмысы - олардың республикадағы саны 2336, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың жүйелік қоғамдық бақылауын ұйымдастыру, бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалану және өткізіліп жатқан жұмыстардың сапасы туралы айтып берді.

Жиын қатысушылары партиялық-қоғамдық бақылаудың тиімділігін күшейту және өсіру бойынша шараларды белгіледі.

Е.Арын «Нұр Отан» депутаттық фракциялары жетекшілерінің кеңесін құру, облыстық бөлімше бюросының отырыстарында олардың есептерін тыңдау, депутаттық корпус жұмысын жариялауда бұқаралық ақпарат құралдарын кеңірек қолдану, БАҚ-ның өкілдерін партиялық бақылау комиссияларының жұмыстарына тарту бастамасын алға жылжытты.

Жиын барысында партияның Павлодар облыстық бөлімшесі партиялық бақылау комиссиясының жаңа төрағасы - облыстық мәслихат депутаты Идият Әбдіқалықов таныстырылды.