Павлодардағы Сәтбаев көшесінде көліктер соқтығысты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардағы Сәтбаев көшесінде көліктер соқтығысып, салдарынан кептеліс орын алды. 

Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Газель автокөлігі мен Toyota Mark 2 көліктері соғылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .  Оқиға салдарынан бір адам жарақат алды. Алайда ауруханаға жатқызылған жоқ. Оған медициналық көмек көрсетілді.

«Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы орын алған жерде полиция қызметкерлері жұмыс жасауда. Істің мән-жайы жуық арада анықталатын болады, - деді баспасөз қызметкері.