«Аталған факті негізінде ҚР ҚК 105-бабы (өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.
Полицейлердің айтуынша, ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат берілмейді.
Еске сала кетейік, Павлодарда жұмысшы жалақы төлемеген кәсіпорынның басшылығына барып, сол жерде тамырын кескен болатын. Бұл туралы Павлодар облысының еңбек басқармасы хабарлады.