Жарысқа 1500 адам қатысады деп күтілуде. Өңір әкімшілігінің аппараттық жиналысында маршруттың ұзақтығы 30 шақырымды құрайтындығы хабарланды. Ол Павлодар-Ақсу тасжолында - Орталық Азиядағы ең ұзын көпір арқылы өтеді. Облыс орталығындағы Кенжекөл ауылы аумағынан мыңға жуық адам бәсекені бастаса, Ақсу қаласынан оларға қарама-қарсы 500 адам велосипедпен шығады.
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов веложарыс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасын ету үшін барлық мәселені қарастыруды тапсырды.