Павлодардағы желіге «Алға, Қазақстан!» олимпиадалық трамвайы шықты
07:27, 09 Тамыз 2012
ПАВЛОДАР. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық олимпиадашылардың жеңісіне орай павлодарлық трамвай басқармасы мен Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы желіге «Алға, Қазақстан!» атты трамвайын шығарды.
Жолаушыларды салонда музыканттар, ақындар, спорт ардагерлері мен жасотандықтар қарсы алды. Трамвай ішіндегі домбыра үнімен олар қалалықтарға ел тәуелсіздігінің бүкіл тарихында ең табысты шыққан қазақстандық спортшылар туралы баяндады.
Трамвайшылар есімдері ел спортының тарихында «алтын олимпиадалық тізімге» кірген қазақстандық спортшылар - Александр Винокуров, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин және Ольга Рыпакованың арқасында Лондонда Қазақстанның Әнұраны алты рет шырқалғанын еске салып өтті.