Павлодардың «Арман» командасы жағажай футболынан ел чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Көкшетауда жағажай футболынан 2026 жылғы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Турнирдің жеңімпазы Павлодардың «Арман» командасы атанды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Чемпионаттың бірінші кезеңіндегі матчтар Павлодарда өтті. Екінші кезең Көкшетауда, Қопа көлінің жағасында арнайы салынған аренада ұйымдастырылды.

Маусым қорытындысы бойынша бірінші орынды Павлодардың «Арман» командасы иеленді. Екінші орын Тараздың «Omega» клубына бұйырса, үшінші орын «Арман 1» командасына тиесілі болды.

Қорытынды турнирлік кесте:

«Арман» (Павлодар)

«Omega» (Тараз)

«Арман 1» (Павлодар)

Сондай-ақ чемпионат қорытындысы бойынша маусымның үздік ойыншылары анықталды.

Жеке марапаттар:
Үздік қақпашы – Бақытжан Бауржан («Көкшетау», Көкшетау)
Үздік қорғаушы – Тимур Ершин («Арман», Павлодар)
Үздік сұрмерген – Саид Музарапов («Omega», Тараз)
Үздік креативті ойыншы – Жасұлан Исаев («Omega», Тараз)
Үздік жас ойыншы – Даниель Кошкарев («Арман», Павлодар)
Үздік ойыншы – Баянбек Муралинов («Арман», Павлодар)

Айта кетейік, 28-31 мамыр аралығында Павлодар қаласында жағажай футболынан маусымның басты республикалық жарыстары өтті.