«Қараоба ауылындағы «Кереку Флаурс» ЖШС жылыжай шаруашылығын құрып, гүл өсіруді қолға алды. 300 шаршы метрді құрайтын жылыжайда алғашқы өнім өсіп шықты. Бұл – ауданымыз бойынша мұндай бағыттағы алғашқы жоба», - деп хабарлады әкімдіктен.
Жобаны жүзеге асыру арқылы 10 тұрақты, 10 маусымдық жаңа жұмыс орындары құрылған. Қазір онда өсіп шыққан қызғалдақ гүлдері жиналып, Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай нарыққа шығарыла бастады.
Жергілікті қызғалдаққа еліміздің өзге облыстарынан да тапсырыс түсуде.