Павлодардың №16 мектеп оқушылары мен ұстаздары жаңа қоныс тойын өткізді

None
ВЛОДАР. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы апатты нысандар тізімініе еніп, уақытша басқа оқу орындарына орналастырылған №16 мектеп-лицейдің педагогтері мн оқушылары бірегей жобамен салынған өздерінің мектептерінде жаңа қоныс тойын өткізді,

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Мектепте 38 заманауи оқу кабинеттері, үш мультимедиалық кабинет, 400 орындық акт залы, кітапхана, асхана жабдықталған. Жаңа ғимараттың жалпы ауданы он мың шаршыметрден асады.

Спорт залында қажетті спорттық құрал-жабдықтарының бәрі де бар.

«Биыл біз мектептің құрылғанына 40 жыл толуын атап өтеміз. Мерейтой қарсаңында жаңа мектептің іске қосылуы жақсы сыйлық болды», - деді мектеп директоры Қорлан Құсбекова.