Павлодарда қоғамдық ғимараттардың қасбетін жаңажылдық безендіру жұмыстары басталып кетті.
«Түрлі-түсті гүл тізбектермен, жарқырауық шамдармен орталық көшелер, саябақтар және облыс орталығының субұрқақтары көріктене түседі, - деп атап өтті тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлімінің басшысы Ермұрат Нұрлыханов. - Жаңа жылдық шамдардың жарығымен Кутузов көшесі де жарқырайтын болады. Осы жылы алғаш рет Павел Васильев атындағы саябақ және Усоль шағынауданы жаңа жылдық мерекеге орай безендіріледі».