Кепілдік жарна 17 921 070 теңгені құрайды. Осындай мазмұндағы хабарландыру ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік мүлік тізілімі сайтында жарық көрді.
Тендерлік шарттар арасында бейінге сәйкес қызметті жүзеге асыру, мүгедектерге тегін қызмет көрсету, штат санын сақтау және спорттық кешеннің шығынсыз дамуын қамтамасыз ету бар. Танымал «Ертіс» футбол клубының алаңына айналған Павлодар Орталық стадионы 1947 жылы салынған. «Ертістің» еурокубоктарға қатысуына орай, бірнеше рет күрделі жөндеуден өткен.
Сондай-ақ, «Жұлдыз» стадионы, «Шымыр» және «Толқын» дене тәрбиесі-сауықтыру кешендерінің де сатылымға қойылғанын атап өткен жөн.