Павлодардың қаржы полициясы Шарбақты ауданы АІІБ басшысының орынбасарына қарсы қылмыстық іс қозғады

None
ПАВЛОДАР. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Павлодар облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Шарбақты ауданы АІІБ басшысының орынбасарын пара алу үстінде қолға түсірді,

деп хабарлады аталмыш мекеменің баспасөз қызметінен.

Полицей ағымдағы жылдың қаңтарында бірнеше рет (12,16,17 және 22 қаңтарда) кәсіпкерден Шарбақты ауылынан Ресей Федерациясына жүк тиелген көлікті кедергісіз өткізгені үшін 50 мың теңге сомасында пара алуда күдікті.

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚР ҚК-нің 311 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сот санкциясымен (2013 жылдың 25 қаңтарында) күдікті қамауға алынды.