Павлодардың мемлекеттік университетінде «Иса Байзақовтың» үш томдығы шығарылды
09:21, 20 Қыркүйек 2010
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Иса Байзақовтың» үш томдығы шығарылды.
Павлодар мемлекеттік университетінің 50 жылдығына арналып ашылған көрмеде туындыны таныстыра отырып ЖЖО ректоры Ерлан Арын: «Туынды қазақтың танымал ақынының, композиторының 110 жылдығына арналған», - деді.
Кітапта ақын шығармалары, ол туралы естеліктер мен суреттер басылған.
Иса Байзақов туралы осындай көлемді шығарма Қазақстанда алғаш рет жарық көріп отыр.