Павлодардың орталығында есірткі ордасы анықталды

None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Павлодардың орталығында есірткі ордасы анықталды, деп хабарлады ҚР ІІМ-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.

Павлодар облыстық ІІД-нің есіртік бизнесіне қарсы күрес басқармасының полицейлері «Көкнәр-2012» операциясын өткізу кезінде Павлодардың орталығында есірткі заттарын қолдану үшін жасалған орданы анықтады. Оның иесі - бұрын адам өлтіргені үшін сотталған, қаланың 48 жастағы тұрғыны.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері жедел-іздеу шараларын өткізу кезінде анық болғандай, нашақор ретінде есепте тұрған ер адам өз пәтерін есірткіні қолдану үшін ұсынып отырған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматқа қатысты тергеу шаралары жүргізілуде.