Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтеріне сәйкес, апат салдарынан су бөгетінде электр қуатын беру тоқтаған. Апат салдары ішінара жойылды, қала шағынаудандарын сумен жабдықтауға қосу жұмыстары жүруде, деп хабарлады pavon.kz .
Су мәселесі туралы алғашқы хабарлар әлеуметтік желіде сағат 18:45-те пайда болды. Шамамен бүкіл қала тұрғындары судың жоқтығын, қысымның азайғанын жазды.
09:18, 08 Қаңтар 2017
Павлодардың жүздеген тұрғыны сусыз қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні кешке Павлодардың орталық көшелеріндегі жүздеген тұрғын сусыз қалды. Диспетчерлік, пединститут аудандары, Славян орталығы, Дачный, Усолка шағын аудандары, Кривенко, Катаев, Естай, М. Горький, Р. Люксембург, Торайғыров, Крупская, Кутузов, Бекхожин, Қайырбаев көшелеріндегі жүздеген үй сенбі күні 7 қаңтарда ыстық және суық судан ажыратылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.