08:58, 09 Сәуір 2009
Павлодарға Сауд Арабстанынан бизнесмендер делегациясы келе жатыр
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін Павлодар Сауд Арабстаны Корольдігінен келетін қонақтарды қарсы алады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Делегация құрамында «Шанавани трейдинг контрактинг компани» компаниясының басшысы Наураз әл-Шанаван, Корольдіктің Сауда-өнеркәсіптік палата кеңесінің комиссия мүшесі, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне сауд инвестицияларын тарту жөніндегі куратор Мәжид әл-Хамис, делегация мүшесі Флаих Салех бар. Кәсіпкерлер мемлекеттік ведомстволар мен жекеменшік компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізеді, мал шаруашылықтары мен астық шаруашылықтарын аралайды. Павлодар облысының аумағында бірлескен кәсіпорындар құру мәселесін талқылайды.