Бұл туралы «Жасыл ел» өңірлік штабының директоры Русана Сулаймонова хабарлады.
«Павлодар қаласында колледж студенттерінен 15 экологиялық жасақ құрылып, олар көгалдандыру жұмыстарымен айналысады. Олардың еңбекақысы – 60-70 мың теңге көлемінде. Ал университеттердің студенттері құрылыс жасақтарына барып, айына шамамен 100-110 мың теңге табыс табады», - деп атап өтті ол.
Қазірдің өзінде еңбек жасағына бір мыңдай студент жазылып үлгерген.
Еске сала кетейік, Павлодар жастары Қаныштың ізімен аттанды.