Павлодар қаласының прокуратурасы арнайы жүргізілген мониторинг барысында «Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КМҚК дәрігерлеріне жалақы төленбегенін анықтады.
— Жүргізілген талдау нәтижесінде Еңбек кодексі нормаларының бұзылғаны расталды. Мекеменің 57 қызметкері алдында жалпы сомасы 15 млн теңге көлемінде жалақы берешегі және 1,8 млн теңге мөлшерінде міндетті аударымдар бойынша қарыз қалыптасқан, — деп хабарлады өңірлік прокуратурадан.
Павлодар облысының спорт басқармасына енгізілген қадағалау актісі бойынша жалақы және міндетті төлемдер жөніндегі берешек толық өтелген.
Прокурорлар жұмыс берушілерге еңбек заңнамасы талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.
Еске сала кетейік, прокуратураның араласуымен екібастұздық жұмысшыларға 20 миллион теңге жалақы қайтарылды.