— «KSP Steel» ЖШС әлдебір заңды тұлғаға тиісті рұқсат құжаттары жоқтығына қарамастан 8,5 мың тонна қауіпті өнеркәсіптік қалдықтарын берген. Аталған фактіні прокурорлар анықтады. Кәсіпорын басшылығының жасаған әрекеті экологиялық талаптарға қарама-қайшы, — деп мәлімдеді құзырлы органнан.
Қадағалау актісі бойынша салық органдары да өз тараптарынан іске кірісті. Нәтижесінде «KSP Steel» ЖШС-нен қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 106 млн теңге мөлшерінде төлем өндірілді.
Еске сала кетейік, Ертіс-Баян өңірі бюджеттің орындалуы бойынша республикада көш басына шықты.