Павлодарлық коммуналшылар қыстың суығында асфальт жамауға кіріспек
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Коммуналдық қызметтер МАС асфальтбетонды төсеу технологиясын қолданбақшы. Бұл әдіс -10 градус суықта асфальтты жамауға мүмкіндік береді.
Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2 ақпаннан бастап коммуналдық қызметтер көшелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ой-шұңқырларды жөндеуге кіріседі.
«Бұл жұмыстар үшін -10 градусқа дейін төмен температурада пайдалануға рұқсат етілген МАС асфальтбетонды төсеу технологиясы қолданылады. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары жол жабындысының жағдайына мониторинг жүргізіп жатыр. Ең әуелі көбірек зақымдалған, үлкен шұңқырлар анықталған аумақтар жөнделеді» деп мәлімдеді әкімнің баспасөз қызметінен.
Коммуналдық қызметтер үлкен шұңқырларды жөндеудің негізгі жұмыстарына нөлден жоғары температураның басталуымен кіріседі.