Павлодарлық монополист тарифті негізсіз көтергені үшін 6,5 млн теңге айыппұл төледі
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Спецмашин» ЖШС заңды тұлғаларға қатысты тарифті негізсіз көтергенін анықтады. Кәсіпорын жауапкершілікке тартылып, 6 579 357 теңге айыппұл салынды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері бойынша«Спецмашин» ЖШС-ға қатысты тергеуді аяқтады. Тексеру барысында кәсіпорын заңды тұлғалар үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету жөніндегі қызметтер нарығында монополиялық жоғары бағаларды белгілегені және қолдағаны анықталды.
«Тексеру компанияның тарифіне кәсіпорынның негізгі қызметіне қатысы жоқ негізсіз шығындар енгізілгенін анықтады. Тексеру қорытындысы бойынша Департамент «Спецмашин» ЖШС-ға қатысты нұсқама шығарып, компанияны бұзушылықтарды жоюға міндеттеді», - деп хабарлады департаменттен.
Компания ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 579 357 теңге айыппұл арқалады. Айыппұл ерікті түрде төленді.
Бұған дейін павлодарлық монополист электр тарифін бір жылда екінші рет көтеруге әрекеттеніп отырғаны туралы жазған едік.