Бүгін түс уақытында Павлодар қаласының Катаев көшесіндегі «Веселый улей» дүкені өртенді.
Бір қабатты жеке ғимараттағы қызыл жалын қатты тарап кеткені әрі қою түтіннің көп болуы өрт сөндірушілерге аса қиынға соққан.
Өрттің күрделі дәрежесі жарияланды.
«Шақырту сағат 13.30-да түскен. Біздің қызметкерлеріміз оқиға орнына дереу жетті. Олар барғанша дүкен қызметкерлері өз беттерімен далаға шығып үлгерген. Өрт сөндірушілер жалынның көрші ғимараттарға таралуына жол бермей, сағат 16.59-да толықтай сөндірді. Өрттің жалпы ауданы — 300 шаршы метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себеп-салдары анықталуда» деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндіруге 61 қызметкер мен 13 техника жұмылдырылған.