Тәжікстан елінің азаматы 2023 жылдың маусым айында Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының шешімі бойынша кінәлі деп танылған. Алайда ол сот шешімін орындамай, жалтарып келген
«Елордалық сотта Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу туралы шешім шыққан болатын. Алайда аталған азамат бір жыл бойы сот шешімінен жалтарып, ел аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамады. Осы жылдың 28 мамырында туған жеріне оралу туралы куәлік алу үшін Астанадағы Тәжікстан елшілігіне жүгінген. Қажетті рәсімдер жүргізілгеннен кейін ол шекара қызметкерлеріне берілді», - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.
Шетелдік азамат Тәжікстан Республикасына мәжбүрлікпен шығарылды.
Еске сала кетейік, Алматыда жезөкшелікпен айналысқан 7 шетелдік ұсталды.