Павлодарлықтарға жыл басынан бері 870 млн теңгеден астам айыппұл салынды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодарлық полицейлер жыл басынан 102 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Оларға жалпы сомасы 870 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Тек жол қауіпсіздігін бұзғаны үшін 66 572-ден астам құқық бұзушының, оның ішінде мас күйінде көлік құралдарын жүргізгені үшін 768 жүргізушінің жолы кесілді. Соттар 595 жүргізушіні көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырды,-деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Жыл басынан «Оракул», «Кибер-Шериф», «ZEREK-2» АӨК стационарлық жылдамдық өлшегіштері 324 млн теңгеден астам сомаға 22 мың 372 ұйғарым тіркеген. Шамамен 16 млн теңге сомаға өткен жылдардағы айыппұлдар өндірілді.
Еске сала кетейік, Павлодарлық полицейлер жұртты алдап келген пәтер алаяғын қолға түсірді.