Арзандатылған өнімдер облыстың тұрақтандыру қорынан келіп түседі.
«Қала әкімдігі көтерме сауда иелерімен бұл дүкендерде өнімдерді делдалсыз, тікелей жеткізу жөніндегі келісімге қол қойды, - деп атап өтті Павлодар қаласы кәсіпкерлік бөлімі бастығының орынбасары Қайрат Түсіпбаев. - Әлеуметтік дүкендерде тауарларға сату бағасы 10 пайыздан аспайды. Бұл азық-түлік түрлеріне 33 теңгеден картоп, қырыққабат сәбіз, пияз, келісі 48 теңгеден 1 сұрыпты ұн және шемекі майы кіреді».