Павлодарлық археологтар «Қалмақ қырылған» ескерткішін зерттеуді бастады

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - С.Торайғыров атындағы ПМУ Археологиялық зерттеулер орталығының қызметкерлері Май ауданында XVIII ғасырдағы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы қақтығыстардың заттай дәлелдерін табуға ниетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Қалмақтар қырылған жер» деген мағынаны білдіретін«Қалмақ қырылған» ескерткішінің орнында археологтар екі аптадан астам уақытжұмыс істеп жатыр. Солорындағы жерлеу кешенінде тас дәуірі, темір дәуірі және орта ғасырлар сияқтыәртүрлі кезеңдегі ескерткіштер бар.


«Дәл қазір біз қола дәуірінің бір нысанын зерттепжатырмыз. Барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрақтар мен елді мекендерді іздеудеміз. Біздің міндеттеріміздің бірі – XVIIIғасырдағы әскери-саяси оқиғалар – қазақ-жоңғар соғысына байланысты материалдықзаттарды табу. Бүгінгі таңда бұл жерлерде сол жылдардағы оқиғаларды растайтынжазбаша деректер ғана бар. Ал, бізге заттай дәлелдер керек. Біз үшін шамамен300 жыл бұрын болған шайқастардың орнын анықтау өте маңызды»,- дедіПМУ-дің археологиялық зерттеулер орталығының директоры Виктор Мерц.


Нысанды Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов аралапкөрді. Мамандар өңірбасшысына ескерткіш орнынан табылған заттарды көрсетті. Бұл ерте темірдәуірінің заттары – біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VII ғасырларға жататын ертесақ түріндегі жебе ұштары, сондай-ақ ортағасырлық заттар – түркі және қыпшақкезеңінің жебе ұштары, айылбастар, қайрақ тастар, ер-тоқым жапқыштары және өзгеде материалдар. «Әдетте таулардан ылғида жартастағысуреттер табылатын. Бірақ осы орында ондай суреттер әлі байқалмады. Біз мұнда жылқылардың,тау қошқарларының және басқа да әлі түсініксіз суреттерді таптық»,- дейді Виктор Мерц. Мамандардыңайтуынша, «Қалмақ қырылған» кешенінің бірегейлігі оның топографиясында. Скифтермен сақтар өмір сүрген орында ортағасырлық қоныстар пайда болған. Содан кейінжоңғарлар орналасып, олардан кейін қазақтар мекен еткен.


Археологтың айтуынша, бұл ескерткіш көп қабатты жәнеоның ерекшелігі – бұнда бірнеше дәуірдібірден көруге болады. Ал XVII-XVIII ғасырлардағы баспаналар мен қыстаулардытабу өте маңызды.


Соңғы жаңалықтар