Ольга Гуляева торт пісірумен 18 жыл көлемінде айналысып келеді екен.
«Тортты өзім пісіріп үйрендім, қазір биіктігі 30 см дейінгі тортты дайындай аламын. Әкіміміз Аждар Жүсіпов үлкен торт пісіру жөнінде ұсыныс жасағанда мен бірден келістім»,-дейді ол.
Ауыл әкімі Аждар Жүсіповтың айтуынша, тортты дайындауға жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасаған.
Салмағы 70 келіні құрайтын торттың биіктігі - 1,52 см, ені - 1,25 см.