Түрмеге келген сәлемдемелерді қарау кезінде Павлодар қаласының тұрғыны әкелген бандерольден есірткі табылды. Ол өсімдік тектес есірткі затын аяқ киімге арналған ысқыштың ішіне салып әкелген.
«Түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізу үшін адамдар неше түрлі айла-шарғы ойлап табатын болды. Жыл басынан бері сотталушылардың туыстары мен таныстары тыйым салынған заттарды аяқ киімнің өкшесіне, азық-түліктің арасына, тіпті қолтықты терлетпейтін антиперспиранттың ішіне де салып өткізбек болды» делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Павлодар қалалық полициясының тергеу тобы шақырылды.