Павлодарлық Б. Қаржасбаев бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен ел чемпионы атанды

АЛМАТЫ. 3 cәуір. ҚазАқпарат - Алматыда 18 жасқа дейінгілер арасында бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен ел чемпионаты өтті.

Үш күнге созылған бұл жарысқа 32 тастаяқшы қатысып, олардың арасынан павлодарлық Бекболат Қаржасбаев жеңімпаз атанды. Ал қостанайлық Михаил Точилкин күміс, өскемендік Диас Оспанғалиев қола еншіледі.

Былтыр бұл додада теміртаулық Медет Тұяқов «Еркін пирамидадан» - бірінші, шымкенттік Арман Оразалы - екінші, байқоңырлық Темірлан Көшеров үшінші орын алған еді. Биыл олар бұл бәсекеге қатысқан жоқ.