«2018 жылдың 16-22 маусымы аралығында өтетін Черлактағы спорт лагерінің барша келісімдері күшінде. Жалпы жағдайды бақылай отырып шараны маусымға ауыстырдық (былтыр қайықтың түбіндегі діңгегі жиі тіреліп қалатын)», - деді Омбы яхт-клубының директоры, танымал саяхатшы Сергей Щербаков.
С.Щербаковтың аталмыш жазбаша мәлімдемесі арқылы «Павлодар географиялық үйі» қоғамдық бірлестігінің «Жұрбай» жас өлкетанушылар клубы тәрбиеленушілерінің 2018 жылдың жазында Ресейдің Омбы облысы, Черлак ауылында желкенді спорттан оқыту бойынша жасалған бұрынғы келісімдердің күшінде екенін растады.
Мұндай ынтымақтастықты жүзеге асыруға Павлодар географиялық үйі мен Орыс географиялық қоғамының 2016 жылғы алғашқы жобасынан кейін, атап айтқанда, Павлодар облысына ПавГео шақыруымен халықаралық Омбы-Ямышево-Обы бес круиздік кеме халықаралық экспедициясының келуінен кейін мүмкіндік туды.
Черлакта павлодарлық балалар кеме басқару мен теңізшілер түйінін тоқуды үйрену, желкенмен жұмыс істеуді ғана емес, сонымен қатар нағыз саяхатшылармен танысуға мүмкіндік алады. Мысалы, Сергей Щербаков - «теңіз қасқыры», «Сібір» кемесінің капитаны, жер шарын төрт рет айналып шыққан.