Павлодарлық балкон арқылы теледидар ұрлаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу нәтижесінде полицейлер 2250-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы  облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 2018 жылы  2-4 шілде аралығында  өткен шараның мақсаты - Астананың 20 жылдық мерейтойын мерекелеу қарсаңында қылмыспен күресті күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу  және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

«Полицейлер Омбы қаласында  ҚК-нің 228-1-бабының 4-бөлімімен қарастырылған қылмыс жасаған Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Сонымен бірге «Құқықтық тәртіп»  шарасын өткізу барысында тәртіп сақшылары  Павлодар қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Ол пәтердің балконы арқылы  кіріп,  «Самсунг Смарт-ТВ» маркалы теледидарды ұрлаған. Аталмыш фактіге қатысты   ұрлық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді департаментте. 

Аталған құқық бұзушылықтың ішінде  мас күйде автокөлік жүргізу бойынша - 30, шағын бұзақылық бойынша - 200, ішімдік ішу бойынша - 354, ҚР келу ережесін бұзу бойынша - 190, автокөлік жүргізушілерінің белгіленген жылдам қозғалысын шамадан тыс асыру  бойынша - 161,   автокөлікті қауіпсіздік белдікті тақпай айдау бойынша - 215 және жолаушыларды заңсыз тасымалдау бойынша үш факті тіркелген.

Сондай-ақ, іздеуде болған екі адам ұсталған.