Павлодарлық баскетболшылар ҚР Жазғы спартакиадасының жеңімпазы атанды
18:56, 19 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Қыркүйектің 11-18 күндері Ақмола облысының Щучинск қаласында баскетболдан әйелдер арасында ҚР Жазғы спартакиадасы өтті. Оған Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласынан командалар қатысты.
Жарыс қорытындысында барлық қарсыластарын қапы қалдырған павлодарлықтар чемпион атанды. Оларға ақтық сында екінші рет есе жіберген тек астаналықтар екінші орын алды. Ал үшінші орын болған ойында оңтүстік қазақстандықтарды 38:78 есебімен тізе бүктірген ақмолалықтар қола жүлдегер атанды. Ең нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп, өз командасының қоржынына 87 ұпай салған астаналық Анастасия Алишаускайте «Ең үздік ойыншы» атанды.