Бірнеше минутқа созылған роликте ол спортшы әкесімен бірге кәсіби деңгейде бокс техникаларын орындауда, деп жазды «Экспресс К» газеті бүгін шыққан «Малышка на миллион просмотров» атты мақалада (авторы - Рүстем Омаров, № 23 (17623), 08.02.2013).
«Қазақстанда тұратын ғажайып қыз туралы хабар әлемдік барлық сайттарды шарлап өтті. Оған бүтін Америка мен Еуропа таңырқай қарауда. Кішкентай Эвника - өте талантты боксшы. Ол әкесінің бағыттаған соққыларынан дереу кете біліп, оларға әп-сәтте жауап беріп отырды. Бір минуттың ішінде біз 18 апперкот пен 16 джебті санадық. Осының барлығын бес жасар сәби жасады! Қыз баланың әкесі, техникасына қарағанда спорт шебері. Ол қызымен соққылар мен олардан кетудің техникаларын талай күндер үйренген болу керек.