Пәтердегі өрттен арқасы мен аяғы күйген Павлодар тұрғыны ауруханада есін жиды.
«Пәтерде сымдар жанған кезде мен ұйықтап жаттым, түтіннің исінен есімнен танып, тұра алмадым. Өрт сөндірушілер уақытында келгендіктен мені өрттен аман алып алды. Екінші рет менің өмірімді күйген теріге трансплантаттау жасаған дәрігерлер аман сақтап қалды»,-деп еске алады 50 жастағы пациент өзінің құтқару тарихын.
Ер адам екі ай бойы хирургиясыз емделді, ал таяу арада Астана Биотехнология ҒЗИ-дан жеткізілген жасанды теріні трансплантаттау бойынша операция жасалды.
«Біз жақсы нәтижеге үміттенеміз, өйткені пациентте теріні алуға болатын донорлық учаскелер жетіспеді, өйткені аяғының жоғарғы үштен бір бөлігі ампутацияланған. 10 жылдан астам уақыт бұрын ол аязда аяғын үсітіп алған. Оның жағдайында бұл таңдау операциясы болды», - деп түсіндірді №1 Павлодар қалалық ауруханасының камбустиологиялық бөлімінің меңгерушісі Марат Қанжығалин.
Павлодарда таяуда ғана теріні трансплантаттау іске асырылды. Бір жарым жылдың ішінде 6 операция жасалды, олар қымбат жоғары технологиялық медициналық қызметтер санатына жатады.