«Өз топтамамды «Ұлы дала елі» фестивалінде ұсынып отырғаныма ризамын. Алдымен оны павлодарлықтар көретін болады, кейін ол Америкаға аттанады. Соған дейін ақсақалдарымыздың батасын алғымыз келді. Меніңше, этнофестиваль - соған нағыз лайықты орын»,- деді дизайнер.
JADO өзінің тарихи костюмдері қазіргі бойжеткендерді қызықтыратынына сенімді. «Біз басты назарға түстер мен маталар алынған тарихи костюмдерді алып келдік. Әрине, біз күміс пен ішікті естен шығармадық. Қазақтар әрқашан оларды ұнататын,- деп атап өтті дизайнер. - Біз көп костюмдер алып келдік: дефилеге 50 «жебе» және мұражайға 25 костюм. Осы жұмысымызбен қазіргі заманғы жастар да ата-бабаларымыз киген киімдерді кие алатындарын көрсетпек болдық. Бұл әдемі әрі қызықты».