Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады.
КСРО, ҚР және шетелде көптеген байқаулар мен көрмелер лауреатының экспозициясы «Ұлттық дәстүр», «Баянауыл», «Соғыс жаңғырығы» Павлодар келбеті, еңбек адамы тақырыптарын біріктіретін 40-қа жуық фото жұмыстарды қамтиды.
Жеңіс күніне арналған түрлі түсті сурет, ардагерлер фотосы еркше әсерлі, автор еңбектерінің әрқырлылығын бірден байқауға болады. Тұнып тұрған поэзия дерсің, өндіріс тақырыбындағы кездейсоқ түсірілген әсерлі стоп-кадрлар да жетерлік. Павлодар - қуатты өнеркәсіптік өлке ғой», - деп атап өтті көрменің ашылуында қорық мұражай директорының орынбасары Тамара Быкова.
Соңғы екі жылда еңбектері Одақ елдерінде ғана емес, Испания, Франция, Аргентина және басқа да елдерде көрсетілген А.Пархоменко, мұражай-қорықпен тығыз ынтымақтастықта.
Ол көптеген әлемдік фото саласымен таныс, бұл оның сәтті жұмысына септігін тигізуде.
Қазақстандық фото шебердің экспозициясы желтоқсан бойы жұмыс істейді.