Павлодарлық Инновациялық Еуразиялық университет пен сингапурлік Стэнсфильд университеті ынтымақтастық туралы келісім жасады

None
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық Инновациялық Еуразиялық университет пен Сингапурдегі Стэнсфильд университеті Ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлады павлодарлық оқу орнының халықаралық ынтымақтастық бөлімінен.

Аталмыш оқу орындары өзара тұрақты ақпарат алмасып отыруға және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерінде бір-біріне көмек көрсетуге келісті.

Аталмыш университеттер оқытушыларға, қызметкерлер мен студенттерге ғылыми тағлымдамадан өту мүмкіндіктерін береді, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін өзара жетілдіріп отырады.

Оған қоса, бірлескен білім және мәдени бағдарламаларын, семинарлар мен конференциялар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу, тіл курстарын ұйымдастыру, оқытудың заманауи әдістерін дамыту бойынша тәжірибе алмасу сияқты жоспарлар қарастырылып отыр.