Павлодарлық қаржы полицейлері 2012 жылы салықтан төлеуден жалтарған 34 қылмысты анықтады

None
ПАВЛОДАР. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодарлық қаржы полицейлері өткен жылы салықтан төлеуден жалтарған 34 қылмысты анықтады, деп хабарлады экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Қаржы полицейлері ЖШС-нің бірінің басшысының үстінен қылмыстық іс қозғады, ол 2009 жылдың наурыз айынан 2011 жылдың желтоқсан айына дейін жалған құжаттарды ұсынумен 137 млн. теңге сомасында салықты төлеуден жалтарған.

Салық салу саласындағы қылмыстар көбіне жалған кәсіпкерлердің қызметтерін пайдаланумен жасалады. 2012 жылы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жалған кәсіпкерлердің қызметтерін пайдаланумен жасалған 19 қылмысты тіркеді.