Павлодарлық кәсіпкер Қытайдың үш қаласына қымыз тасымалдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы ірі қымыз өндіруші «Сағып» ШҚ Қытай елінің үш қаласына қымыз тасымалдауды көздеп отыр.

 Бұл туралы қожалық иесі Төлеу Құшманова мәлім етті, деп хабарлайдыpavlodarnews.kz .

«Өткен аптада Қытай елінен келген кәсіпкер Нұрмұхаммед Рауан шипалы сусынды өндіру технологиясымен танысып, өзара мәміле туралы келісімшартқа қол қойылды», - дейді Төлеу Көкешқызы. - Шанхай, Бейжің және Құлжа қалаларының  сауда орындарына жеткізу үшін айына 25 тонна қымыз бен 15 тонна құртқа сұраныс түсіп отыр. Кәсіпкердің айтуынша, қыс мезгілінде қымыз «Қазақстан темір жолы» АҚ арқылы, жазда рефрижератормен тасымалданады. Қазір күніне 60-қа жуық бие сауылып, 300 тонна қымыз және 25-30 келі құрт дайындалады. Биыл биелердің кеш тууына байланысты қосымша «Қаз Агро» ЖШС-дан қымыз сатып алынады.  - Әзірге Қазақстан мен Қытай арасындағы сүт өнімдерін өткізу бойынша келісімшарттың жоқтығы қиындық тудырып отыр. Дегенмен қытайлықтар біздің өнімнің сапасын жоғары бағалайды, адам ағзасына қаншалықты пайдасы бар екенін жақсы біледі. Сондықтан мәселенің шешімі табылғанға дейін күтуге дайын. Қазіргі таңда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, ветеринарлық инспекция бұл мәселенің шешімін табуға сүш салуда. Шетелдіктерден басқа, жуырда Ақтау өңірінің тұрғыны хабарласып, ірі көлемде қымыз алуға қызығушылық білдіріп отыр, - дейді ол.