«Енді бұл қиын жағдайдан шығу үшін тек кәсіпкерлер ғана емес, барша азаматтар бір-біріне, бүкіл ел болып көмектесу үшін бірігуі керек. Сондықтан қолдауға мұқтаж жандарға қол ұшын берудің пайдасы зор», – дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.
08:41, 13 Қаңтар 2022
Павлодарлық кәсіпкерлер әскерилерге көмек ретінде қаражат жинады
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Әскери қызметкерлерге павлодарлық кәсіпкерлер демеушілік көмек көрсетті. Меценаттар екі миллион теңгеден астам қаржы жинап, қысқы аяқ киім сатып алды, деп хабарлайды «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының өңірдегі филиалы.