Келісімге Сочи қаласында өткен ҚР мен РФ-ның XII өңіраралық ынтымақтастық форумының аясында қол қойылды. Форум күндері жұмыс істеген «Ресейлік-қазақтандық агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығының болашағы» көрмесінде Павлодардың «Рубиком» ЖШС, «Smak PV» ЖШС, «Кэмми» ЖШС және «Сағып» ШҚ сияқты ірі кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынды.
Сондай-ақ форумда ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылған. Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Омбы облысының губернаторы Виктор Назаровпен, сондай-ақ Удмуртия Республикасының басшысы Александр Соловьевпен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық, мәдени және басқа салалардағы халықаралық және сыртқыэкономикалық байланыстарды іске асыру туралы келісімге қол қойды.