Павлодарлық кеденшілер өнеркәсіп иелерін Кеден одағында жұмыс істеудің жағдайларымен таныстырды
19:55, 27 Желтоқсан 2011
ПАВЛОДАР. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы кедендік бақылау департаментінің консультациялық кеңесінде Кеден одағы тауар қызметі номенклатурасының жаңа редакциясы мен тарифтер талқыға түсті,
деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оған облыстың ішкі экономикалық қызметінің өкілдері, олардың қатарында «Казақстан Алюминийі», «ПНХЗ», «КЭЗ», «Казэнергокабель» компаниялары қатысты.
Қатысушыларға 2012 жылдан бастап тауар номенклатурасының кодтары өзгертілетіні жайлы ақпараттандыратын жаңа құжат берілді.