«Алдағы тасқын кезеңінен дайындық аясында Төтенше жағдайлар департаменті Ертіс бассейні инспекциясымен бірігіп Павлодар экспулатациялық учаскесінің қарауындағы гидротехникалық құрылыстарды тексеріп шықты», - деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД.
Құтқарушылар «Қ.Сәтбаев атындағы арна» филиалының өкілдері мен жергілікті атқарушы органдарға бірқатар кеңестерін берді.
«Кезекте - гидротехникалық құрылыстар, Баянауыл ауданы мен Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының шекара маңы учаскелеріндегі «Ақжар» мен «Қаратоқа» үлкен бөгеттері», - деп қосып өтті ТЖД-нен.
Иллюстрациялық фото: m.dozor.kharkov.ua