Бұл туралы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының командасы жеті оқушыдан құралды. Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10-сынып оқушысы Мохаммед-Али Амир математикадан алтын медаль (мұғалімі Арыстан Текенов) иегері атанды. Ал, дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Баронча Георгий физикадан (мұғалімі Анатолий Билида) қола медальға қол жеткізді. Ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Ғаллам Ислам да информатикадан (мұғалімі Арнольд Минулин) қола медаль ұтып алды.