Павлодарлық МӨЗ кадрларды даярлау шарасына инвестиция салды
21:00, 10 Желтоқсан 2016
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық мұнай-химия зауыты павлодарлық унисерситетке 50 млн-нан астам теңге инвестициялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы ЖОО-ның бас директоры Шухрат Данбай химиялық технологиялар мен жаратылыстану факультетінің студенттеріне оқыған лекциясы кезінде айтып өтті.
Павлодар мемлекеттік университетінің баспасөз қызметінің ақпараттары бойынша, ЖОО-ның басшылығы мен «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС 2015 жылы кафедраның филиалын құру мен ынтымақастық туралы келісімге қол қойған.
Аталған келісім бойынша осы уақытта бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары өткізілуде. ЖОО-ның студенттері мен магистранттары кәсіпорында тәжірибеден өтуде. Сонымен қатар профессор педагогтар мен кәсіпорын қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру шаралары қарастырылған.