Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
14 жастағы Нина өз жұмысында түрлі түсті қарындаштармен ұлттық стилистика мен қазақ ою-өрнегінің элементтерін іскерлікпен қолданып, Қазақстан табиғатының әдемілігін көрсетті. Астана қаласындағы Тұңғыш Президет мұражайында конкурс жеңімпаздары мен финалистері жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.
«Нина, Назарбаев интеллектуалды мектебінің 8 сынып оқушысы, өте шығармашылық тұлға, интеллектуалды дамыған, акварельді кескіндеме техникасында сурет салуды ұнатады», - дейді оқытушысы Светлана Рейн.